mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Дзюдо: Жансай — турнир жеңімпазы

66 келіде күресетін қазақстандық дзюдошы Жансай Смағұлов дзюдодан Ташкентте өткен Гран-при кезеңінде қарсыластарының бәрін сыпыра жеңіп, турнир чемпионы атанды.

Әлемдік Гран-придің екінші күні ол Ауғанстан спортшысы Ришад Ариармудты жеңіп, жартылай финалға, сосын өзбек спортшысы Мирзохид Фармановтан айласын асырып, ақтық сынға өтсе, ақтық финалда тағы бір жергілікті дзюдошы Гиесжан Бобоевтан басым түсіп, алтын медальға ие болды. Ташкентте дзюдодан өткен Гран-при турниріне әлемнің 27 елінен 183 спортшы жиналды. Кәсіби сайыста еліміздің тағы екі спортшысы жүлдегер атанды. Дәурен Ермеков NFC нұсқасы бойынша Еуразия Чемпионы титулын жеңіп алса, 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен тағы бір жерлесіміз Абылайхан Шаратов Гран-При турнирінің қола жүлдегері атанды. Ол алғашқы айналымда ауғанстандық Аликозай Зелжайды иппонмен жеңсе, ширек финалдық белдесуде өзбекстандық Шарафуддин Лутфиллаевқа есе жіберді. Бірақ жұбаныш белдесуінде күш сынауға мүмкіндік алып, бірінші жұбаныш белдесуінде Өзбекстан дзюдошысы Субхонов Рахимжанды қапы қалдырды. Ал қола жүлде үшін болған сайыста тағы бір Өзбекстан балуаны Достан Рузиевпен кездесіп, оны иппонмен таза ұтып, турнирдің қола жүлдесін иеленді.

(5)