mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Бокс: Бобыржан қарсыласын нокаутқа жіберд

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Бобыржан Момынов Буэнос-Айресте жергілікті боксшы Леонардо Фабио Амитраномен жекпе-жек өткізді. Спорт порталының мәліметінше, кездесуде қазақстандық басымдыққа ие болып, жекпе-жек алтыншы раундта аяқталған. Себебі Амитрано ауыр соққыдан соң есін жия алмағаннан кейін рефери матчты тоқтатуға мәжбүр болыпты. Осылайша Момынов кәсіпқой рингте осымен төртінші кездесуін нокаутпен аяқтап отыр. Бұған дейінгі үш жекпе-жегін ол АҚШ-та өткізген. Ал аргентиналық боксшы осымен екінші рет жеңіліске ұшырады. Айта кетейік, Момынов Сауль «Канело» Альварестің Геннадий Головкинмен жекпе-жегі қарсаңында соның жаттығу лагеріне болып, онымен спарринг кездесулер өткізген-ді.

(3)