mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Қырғызстан: Атамбаев Бабановты неге даттап отыр?

Журналистердің сауалдарына жауап берген  Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев президенттікке үміткер болған кандидат Өмірбек Бабанов жайлы: «Тура бір жарым ай бұрын Бабановтың маған күйе жаға бастағанын байқадым. Мені «аға» деп жүретін ондай мені мақтаған адамды көрмедім. Сіздің жолыңызды мен ғана жалғастырам деп жүретін Бабанов аяқастынан «олар басқа жолмен кетіп барады» деп қалыпты. Ол ол ма, ашық айтайын, маған Бабановтың атынан бір олигарх келіп 20 миллион доллар ұсынды. Мен оған, қымбаттым, сатылмайтын заттар бар дедім», — деп, біраз жәйттің бетін ашты. Ал Өмірбек Бабанов болса: «Кандидаттығымды ұсынбай тұрып президентпен ақылдасқан едім. Ол батасын беріп: «Иә, президент сайлауына түс. Біз өз кандидатымызды ұсынамыз, сен де қатыс. Жеңген адам президент болсын. Сайлау әділ өтеді»,— деп, уәде берген. Оған куәлер бар. Бірақ тең жағдай жасалмады, сайлау әділ өтпеді. Кейінгі аптада Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік комитеті мен милиция Атамбаевқа жалған ақпаратпен адастырған. Мен оның сөздеріне қатты қапа болдым. Тағы да еске салғым келеді; мен ешқашан билікті басып алған емеспін! Қазір де, болашақта да билікті басып алмақ ойым жоқ. Біз сайлаушылар мен үгіт-насихатшыларымыздың құқығын тек заңды жолмен қорғаймыз. Мен біздің жеңісіміз алда екеніне өте сенімдімін. Бұл сайлау бізді біріктірді. Жақтастарым мен өз командама қандай да бір арандатуларға ұрынбауға шақырдым», — дейді. Екі тұлғаның қайсысына сенерсің?

(9)