mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Су қоймасы жағалауындағы жерлер сатылмайды

ШҚО әкімі баспасөз қызметі: «Облыстық маслихат сессиясында сөйлеген өңір басшысы Даниал Ахметов: «Шығыс Қазақстан облысындағы Алакөл мен Бұқтырма су қоймасы жағалауындағы жерлер сатылмайды. Туристік кластер шоғырланған Алакөл мен Бұқтырма су қоймасын дамытуға арналған кешенді бағдарлама жасалуы керек. Және аталған екі аймақта жер сатуды тоқтату керек деді. Аймақ басшысы сондай-ақ, өңірдегі кейбір су қоймаларының емдік қасиетін зерттеу қажеттігін де алға тартты»,— деп хабарлайды. Сарапшылардың алдын-ала жасаған мәліметіне жүгінсек, судың ерекше құрамының арқасында олардың 60 пайызға жуығы емдік қасиетке ие көрінеді. Осы орайда ШҚО әкімі алдағы жазғы маусымға дейін көлік қатынасына қатысты мәселені түбегейлі шешуді тапсырды. Нәтижесінде, автокөлік жолдары жөнделеді, Өскемен-Шар-Жалаңашкөл стансасы бағытында теміржол бағдары іске қосылады.

(9)