mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Солтүстік Корея: КХДР ядролық арсеналын сақтап қалады

БҰҰ Бас ассамблеясының қарусыздану жөніндегі комитетінің отырысында сөз сөйлеген Солтүстік Кореяның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілінің орынбасары Ким Ин Рен: «КХДР ядролық қаруға толығымен тыйым салу идеясын қолдайды, бірақ одан АҚШ бас тартпайынша өз арсеналын сақтап қалады. АҚШ біздің елімізді ядролық қарумен қорқытып, бопсалап, ядролық қаруға тыйым салу туралы келісімшартты мойындамай жатқанда, КХДР неге бұл келісімге қосылуы керек, әлбетте, қосылмайды. Пхеньян ядролық қару мен баллистикалық зымырандарды өзін-өзі қорғау үшін ұстап отыр. Себебі, әлемдегі бірде-бір ел АҚШ тарапынан осынша ұзақ уақыт өте қауіпті және тікелей ядролық қатерге ұшырамаған. Күллі әлемнің назарын аударып отырған Корей түбегіндегі жағдайдың ушыққаны соншалық, кез келген уақытта ядролық соғыс басталып кетуі мүмкін. АҚШ тарапынан дұшпандық әрекет пен ядролық қауіп-қатер толығымен жойылмайынша, біз ешқашан және қандай жағдай болса да ядролық қару және баллистикалық зымырандар бойынша келіссөздер жүргізбейміз және ешқашан таңдаған жолымыздан бір қадам да шегінбейміз»,— деп мәлімдеді.

(10)