Алматы қалалық Дін істері басқармасы бәйге жеңімпаздарын марапаттады

Алматы қалалық Дін істері басқармасының әлеуметтік маңызды жобалары негізінде Ұлттық журналистік зерттеу орталығы ұйымдастырған Дін саласындағы өзекті мәселерге байланысты алматылық журналистер арасындағы үздік шығармалар байқауының қорытындысы бүгін жарияланды. Байқаудың негізгі мақсаты елімізде соңғы жылдары көп орын ала бастаған теріс діни ағымға бет бұрушыларды және олардың осы жолға түсуінің себебі, оның алдын алу, діни сауаты жоқ, нақты ақпаратты сараптауды білмейтін адамдарға көмек ретінде қоғамда болып жатқан діни мәселерді қалам мен кадр көмегімен елге жеткізу болып табылады.

Жеңімпаздарды марапаттау салтанаты осы бәйгеге қолдау көрсеткен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетінде өтті. Әділ қазылар алқасы бәйгеден озған аттай бұл сайыста тек үздіктері ғана қалғанын, іріктеу кезінде қатысушылардың материалдары жан-жақты қаралып, талдау жасалғанын айта кетті. Ұйымдастырушылар жеңімпаздардан бөлек ынталандыру сыйақы тағайындағанын ерекше атап өткеніміз жөн сияқты. Себебі, бұл журналистерді шабыттандыру, қаламын кеңінен сермеп бұдан да тың дүние жазуға себебкер болу.

Ынталандыру сыйлығының иегерлері:

  1. Ермехан Шайхыұлы «Айқын» газеті
  2. Айша Кенесбай «Нұр-Мұбарак» университетінің баспасөз қызметі
  3. Ержан Қалымбайұлы «Қазақстан» арнасы
  4. Ерлік Ержанұлы «kz» сайты

 

Ал байқаудың негізгі жеңімпаздары:

  1. Жұлдыз Құлжасбаева «Қазақстан» телеарнасы
  2. Айдос Жұқанұлы «Алматы» телеарнасы
  3. Болатбек Төлепберген «Қазақ радисы»
  4. Арай Аюпова «kz»
  5. Айгүл Мухамбетова « kz» сайты
  6. Бауыржан Карипов «Қазақстан-Заман» газеті
  7. Әсел Сарқытова «kz» сайты
  8. Аружан Тыныбек «Біз экстремизмге қарсымыз» инстаграмдағы топ
  9. Жолымбет Мәкіш, блогер

«Қазақстан-Заман» газетінің жауапты хатшысы – Бауыржан Карипов «Мерзімдік басылымдардағы қазақ тіліндегі ең үздік мақала» номинациясы бойынша үздік деп танылып, арнайы диплом мен ақшалай сыйлыққа ие болды.

Шындықты айтып шырылдаған, әрқашан оқырмандарына қоғамдағы жаңалықтарды ізін суытпай жеткізіп отыратын журналистіміз Бауыржан Кариповтың қаламы қарымды, қарқыны мықты болсын!

Жеңімпаз атанған әріптесімізді «Қазақстан-Заман» газеті, «ЕлАна» сайты, «Мөлдір Бұлақ» журналы ұжымдарының атынан құттықтай келе, шығармашылық табыс тілейміз!

Айман Рамзия

(41)