mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

АИ-92 бензині тағы да қымбаттайды

«ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС даму жөніндегі басқарушы директоры Бақытжан Тасанбаев: «Қазақстанда көп сұранысқа ие болатын АИ-92 бензиніне қатысты жағдай осы аптада тұрақталады. Астана бойынша бензиннің сатылымы еркін жүріп жатыр, қорда екі мың тоннадан астам АИ-92 бензині барБұл ретте екі мың тоннадан астам бензин Ресейден импортталды, тағы 800 тонна бензин жолда келе жатыр. Бензин сатылымы еш кедергісіз орындалып жатыр. Қазақстанға қатысты айтар болсақ, жалпы қорда 12 мың тонна бензин бар. Қазіргі кезде еліміздегі зауыттардың бірінде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын ескерсек, импорттың қамтамасыз етілуі қажет болып отыр. «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС 45 мың тонна ресейлік бензинді жеткізуге келісім жасады. Оның негізгі бөлігі осы аптада келіп жетеді. Қазіргі уақытта АИ-92 бензинінің бір литрі 157 теңге, ал алдағы уақытта Ресейден көп көлемде бензиннің импортталуына байланысты баға көрсеткіштерінде өзгерістер болуы мүмкін. Бензин бағасы қазақстандық және ресейлік бағаға және олардың жеткізу теңгеріміне байланысты болады. «Ең жоғары» бағаның қандай болатынын нақты айта алмаймын. Алдағы қысқа мерзімде бензиннің қымбаттауы болатыны анық», — деді. Қыркүйек айының аяғы мен қазан айының басында көп сұранысқа ие болатын АИ-92 бензинінің бағасы өсті. Ал, шамалы уақыттан кейін, еліміздің көптеген жанармай бекеттерінде АИ-92 бензинін қолма-қол ақшаға сатып алу мүмкін емес болды. Энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың айтуынша, қараша-желтоқсан айларында бұл жағдай да, бензин бағасы да тұрақталады-мыс.

(4)