Өзіңнен баста!

Алыс бір елде әділ қазы өмір сүріпті. Бір күні сот мәжілісінде алдына бір күлше ұрлаған кедей келтіріледі. Байғұс кінәсін мойындап: «Аштан өліп бара жатқаннан кейін амалсыз ұрладым», — дейді мойны салбырап. Қазы: «Ұрлыққа барып, қылмыс жасағаның үшін бәрібір саған үкім шығаруым керек», — дейді де: «Жағдайыңа байланысты саған 10 дирһам айыппұл салынады. Алайда айыппұлды төлей алмайтының себепті оны сенің атыңнан мен төлеймін», — дейді. Жиналған қауым таңданыс толы жанарлармен қазыға көз тігеді. Қазы шынымен-ақ қалтасынан 10 дирһам шығарып, қазынаға өткізуге бұйырады. Сосын көпшілікке бұрылып: «Арамызда аштықтан нан ұрлауға мәжбүр болған адам жүргендіктен, осы отырған әрқайсысыңызға 10 дирһамнан айыппұл салынады», — дейді.
Лезде мәжілістен 450 дирһам жиналады. Қазы ақшаны әлгі кедейге береді.

(21)