mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Қазақ-қырғыз шекарасында бақылау күшейтілді

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтың сөзінен кейін БАҚ қазақ-қырғыз шекарасын ерекше назарға алған болатын. Соған орай ҚР ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев: «Жоспарланған жұмыс жүріп жатыр. Қазақстанның мемлекеттік шекарасының бүкіл периметрі бойынша бақылау күшейтілді. Менің білуімше, президенттік сайлауға байланысты осыған ұқсас шаралар басқа да іргелес мемлекеттер тарапынан қолға алынып жатыр. Қырғызстанмен шекарада Қазақстанның шекара қызметі адамдарды, көлік құралдарын, жүк және тауарларды тексеруді күшейткен. Алайда шекарадан өтуге ешқандай шектеулер немесе тыйымдар болмаған. Дегенмен, соңғы күндері қырғыз тасымалдаушылары тарапынан көлік және шекара заңнамасын бұзу көбейген. Мәселен, 447 көлік құралы тексеріліп, 78 автокөліктен өрескел заң бұзушылық анықталған. Салмағы мен көлемі талаптарға сай келмеуі, каботажды тасымалдау, қазақстандық рұқсат бланкілерінің болмауы және тағы басқа заңбұзушылықтар тіркелген. Сондай-ақ тұрақты жолаушылар тасымалына рұқсат болмағаны үшін жеті жолаушы автобусы айып тұрағына қойылды. Жоғарыда аталған құқық бұзушылықтар үшін 3 млн теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынды. Фитосанитарлық бақылау күшейтілгеннен бастап бес құқық бұзушылық анықталған. Салмағы 25 тонна болатын өнім кері қайтарылып, 68 мың теңге айыппұл салынған»,— деген мәлімет таратты.

(4)