Сандық экономика мамандарын даярлайды

Мәселен, 2016-2019 жылдарға арналған ҚР Денсаулық сақтау саласын дамытудың «Денсаулық» бағдарламасын жүзеге асыру барысы талқыланды. Бұл туралы Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Салтанат Жармаева баяндама жасады. Статистикаға сүйенсек, облыста балалар өлімі 20,5%-ға азайған. Яғни ағымдағы жылдың 9 айы бойынша оң динамика байқалады. Мәселен, өкпе ауруы 2,5%-ға, жазатайым оқиғалар мен жарақаттардан 9,7%-ға, қатерлі ісіктерден 5,2%-ға, қан айналым ауруларынан 1,6%-ға төмендеген.Сонымен қатар міндетті медициналық сақтандыруды енгізу аясында 2017 жылғы 1 шілдеден бастап жұмыс берушілердің және жеке кәсіпкерлердің жарналары төленді , — деді басқарма басшысының орынбасары.

Биылғы жылы 14 қыркүйектегі жағдай бойынша 372,2 млн. теңге алынды, оның ішінде жұмыс беруші жарналарының үлесі 92 % (343,5 млн. теңге) Жеке кәсіпкерлерге тиесілі жарналарының үлесі — 8 % (28,7 млн. теңге).
Алқалы жиында кеңінен талқыланған тағы бір тақырып — «Жүз нақты қадам» Ұлт жоспарының 84-тармағы. Яғни әлеуметтік көмекті оның атаулы сипатын күшейте отырып, оңтайландыру. Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының міндетін атқарушы Қарашаш Нұрмамедованың айтуынша, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысы және мемлекеттік атаулы көмек, 4 және одан да көп балалы отбасыларға берілетін кәмелетке толмаған жәрдемақы біріктіріліп, жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек жүйесін 2018 жылдан бастап енгізу көзделіп отыр.
Маңғыстау облыстық білім басқармасының басшысы Зейнеп Тастемірова өңірде сандық экономикаға мамандарды даярлау және қайта даярлау туралы мағлұмат берді. Биылғы оқу жылынан бастап жаңартылған білім мазмұнымен ақпараттық-коммуникациялық технологиялар пәні 5 сыныптан бастап барлық мектептерде енгізілді. Облыстың 60 мектебінде «Робототехника» элективтік курсы өткізіледі. 2016-2017 жылдары информатика пәнінің 198 мұғалімі робототехника біліктілігі бойынша «НЗМ» ДББҰ-ың педагогикалық шеберлік орталығында және «Өрлеу ұлттық біліктілікті арттыру орталығы» АҚ-ның Маңғыстау облысы бойынша филиалында қысқа мерзімді курстарынан оқып шықты. 2016 мұғалім деңгейлік курстар аясында ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бағытында біліктіліктерін арттырды.
Сондай-ақ, облыс әкімдігінің қаулыларының жобаларын қарау туралы құжаттама және бақылау бөлімі бастығының міндетін атқарушы Гульмира Чокудаева айтты.
Жиын соңында аймақ басшысы Ералы Тоғжанов тиісті мемлекеттік органдар басшыларына бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Бетті дайындағандар:
Айман Оңғарбайқызы,
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

(23)