«Рухани жаңғыру» — іштей түлеу

Алматы қаласындағы жалпы білім беретін №64 мектепте 952 оқушы оқиды. Әнеу жылдары бірыңғай орыстілді мектеп бұл күндері біртіндеп қазақ сыныптары көбейіп келе жатқан аралас мектеп. Мектеп директоры Қалдыбаева Күмісжан Әбдилдинқызы кезектегі уақыт талабынан шыға отырып татулықтың, терең білім алудың үлгісін жасап отыр.

Әсіресе мектептің оқу ісі жөніндегі орынбасары Гүлсім Тоқтарбайқызы, әдеби бірлестіктің жетекшісі Гүлдана Ақынқызы оқушылардың әдеби өмірімен, ұлттық сапасының арта түсуін қадағалап, тынымсыз еңбектеніп жүрген ұстаздар. Әдебиетшілердің аты-жөнін оқулықтар мен газет-журналдан ғана көретін балаларға арамыздағы қаламгерлерді шақырып жүздестіру арқылы шығармашылық өмірлерімен таныстырып, сырласу сағаттарын өткізіп жүреді. Осыған дейін белгілі ақындар Саят Қамшыгер, Қуат Қайранбаев секілді ағаларымен жүздескен оқушылар бұл жолы бірнеше халықаралық сыйлықтардың иегері, қаламгер Дәулетбек Байтұрсынұлымен кездесу кешіне жиналды.

(20)