mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Парламентаралық Одақтың 137-і Ассамблеясы

Бейбіт сұхбатты ілгерілетуге бағытталған, күш-жігерді біріктіру үшін әлемнің 160-тан аса елінен парламентшілер жиналған Санкт-Петербордың Таврия сарайында өткен Парламентаралық Одақтың 137-ші Ассамблеясына сөйлеген сөзінде ҚР Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин: «Біз Парламентаралық одаққа мүше-мемлекеттер парламентіндегі әріптестерімізді Қазақтан Президентінің Біріккен Ұлттар Ұйымының аясында «Терроризмнен азат әлемге қол жеткізу жөніндегі мінез-құлық Кодескін» әзірлеу және қабылдау туралы бастамасын қолдауға шақырамыз. Бұл ХХІ ғасырдың ең қауіпті қатерлерінің бірі терроризмге қарсы күресте әлемдік парламентаралық қауымдастықтың салмақты үлесі болады деп сенемін»,— деді. Парламентаралық одақ — 1889 жылы құрылған ең көне халықаралық парламенттік ұйым болып табылады. Бүгінгі күні парламентшілер 173 ел мен 11 парламентаралық ұйымдарды біріктіреді. Өз даму тарихында ПАО парламентаризмнің дамуына, адам құқықтарын сақтауға, халықаралық бейбітшілікті орнатуға және халықаралық қауіпсіздікті сақтауға ықпал етті. Парламентаралық Одақтың 137-ші Ассамблеясының негізгі оқиғаларының бірі «Демократия туралы жалпыға ортақ декларациясының 20 жылдығы: біздің алуан түрлілігіміздің ортақтығы» туралы қарары болды.

(7)