mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Ирак: Референдум қақтығысқа ұласты

Күрдістан Қауіпсіздік кеңесінің твиттердегі парақшасында: «Ирак күштері мен «Халықты мобилизациялау күштері» қазір Таза қаласынан Киркук қаласына қарай жақындап келеді. Ондағы мақсаттары – қаланы, K-1 базасы мен мұнай кен орындарын басып алу»,— делінген. Ирак Күрдістанының вице-президенті Косрат Расулдың бұйрығымен Киркукке үш мың күрд жасағы жіберілді. Ал Ирак премьер-министрі Хейдар аль-Абади ел армиясына Киркук провинциясындағы мемлекеттік нысандар мен әскери базаларда қауіпсіздікті қаматамасыз етуді тапсырды. Сондай-ақ, ол әскерилерге Ирак Күрдістанының жасағымен қақтығысқа бармай, керісінше олармен өзара әрекет етіп, бейбіт тұрғындарды қорғауды бұйырды. Алайда қазір екі тарап та бір-біріне қарсы оқ атып жатыр. Жалпы, Киркук пен күрд автономиясының ресми шекарасының маңындағы басқа да өңірлер күрдтердің бақылауында. 25-і қыркүйекте Ирак Күрдістанында тәуелсіздік жөнінде референдум өткеннен кейін, Ирак парламенті Киркук провинциясына әскер кіргізу туралы шешім қабылдаған. Кейін премьер аль-Абади Ирак армиясы ел азаматтарына қарсы соғыс ашпайтынын мәлімдеп, күрдтерді диалогқа шақырып, референдум нәтижесінен бас тартуын талап еткен. Күрд билігі диалогқа дайын екенін, алайда дауыс беру нәтижесін жоққа шығара алмайтынын мәлімдеген-ді. Ирак Күрдістанындағы референдумда дауыс бергендердің 93 пайызы тәуелсіз мемлекет болуды қолдаған, оған 3,3 миллионға жуық адам қатысқан.

(4)