mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Ұмыт қалған ауыл

Өңірдегі  тілшілер: «ОҚО-ның Сарыағаш ауданындағы тұтастай бір ауыл тұрғындары балаларын мектепке жіберуге үрейленіп отыр. Көрші ауылдағы мектепте оқитын балалардың кейбірі автобуспен қатынаса, енді бірі жаяу баруға мәжбүр. Ал екі ауыл арасындағы көпір апатты, тіпті шиtбөрілер де бар»,— деп хабарлайды. Осы мәселе жайлы дабыл даққан ауыл тұрғындары: «Шұқырсай ауылылының халқын мектеп мәселесі мазалап келе жатқанына бірнеше жыл болды. Бұған дейін апатты білім ұясында оқып келген балаларға биылғы оқу жылынан бастап жаңа мектепте білім алуға мүмкіндік туды. Тек бұл білім ордасы көрші ауылда. Бірнеше шақырымдық жердегі мектепте шұқырсайлық балалар арнайы автобус арқылы қатынайды. Тек ол ескі, оған бір мезетте 70-80 баланы сықап тиеп әкетеді. Көлікке сыймағандары бірнеше шақырымдық жолды  жаяу жүріп өтуге мәжбүр. Жаңа мектеп болғаны жақсы-ақ, тек ауылға алыс. Көпір де құлайын деп әзер тұр. Оқушы түгілі, өзіміз үреймен өтеміз. Екі ауыл арасы шалғай. Түнге қалып кетсе, балалардың шиебөрілерге таланып қалу қаупі бар. Содан амалсыздан ауылға өзіміз барып, балаларды қолынан жетектеп алып кетуге мәжбүрміз. Мектепті жеті жүзге жуық оқушысы бар біздің ауылда салмай, көрші Аққорған ауылына салғанына таңбыз. Ауыл арасы қашық болғандықтан, балаларымызды жаңа мектепке жіберуден үрейленеміз. Тіпті кейбір ата-аналар балаларын сабаққа жібермейтін болды. Қазір аспан ашық, ертең қыстың күні не боларын білмейміз»,— деген ата-аналар мектепті өз ауылдарында салуды талап етуде. Бұл мәселеге қатысты аудан әкімі Қайрат Әбдуәлиев: «Мектеп проблемасының бар екені рас. Ауданда бала өсімі жоғары. Сол себептен алдағы екі-үш жылда Шұқырсайда жаңа білім ордасы бой көтеретін болады. Қазір мектеп құрылысына жер бөлу жұмыстары жүріп жатыр»,— дейді. «Уәде — Құдай сөзі»,— деуге имандай сенетін ауылдықтардың шенеунік сөзін дәтке қуат қылудан басқа амалдары да жоқ. Біз де: «Облыс әкімінің құлағына алтын сырға»,— деп қоялық.

(5)