mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Қырғызстан: Шекарада ұзын-сонар кезек пайда болды

Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында ұзын-сонар кезек пайда болды. Қырғыз елін бетке алғандар шекарадан өте алмай, кезекте ұзақ сарсылып тұруға мәжбүр. Ұзын-сонар кезек Қордайда орын алған. Желі қолданушылары бірнеше сағат бойы кезек күтіп, шекарадан өте алмай тұрған сәттерін желіге жүктеуде. Қырғызстан шекара қызметінің хабарлауынша, 10 қазаннан бастап шекарада күшейтілген режим орнатылған. Бұл Қырғызстандағы президент сайлауына қатысты орын алған жайт. Қырғызстан тарапы шекарада орын алған келеңсіздіктер үшін кешірім сұрап, халықты түсіністікпен қарауға шақыруда.

(15)