mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Түркіменстан: Президент өзіне-өзі «батыр» атағын берді

Түркменстан президенті сонау Кеңес дәуіріндегі бас хатшы Леонид Брежнев сынды ерен еңбегі үшін өзіне-өзі екінші рет «батыр» атағын беріп жіберді. Енді оған құны 100 мың доллар тұратын қоладан  жасалған мүсін құйылуы тиіс. Түркіменстан парламенті елдегі ең жоғары марапатты басшыларына тағайындауды бір ауыздан қолдаған көрінеді. Негізі «Түркіменстан батыры» атағын елге еңбегі сіңген адамдарға президент қана бере алады. Ал президенттің өзіне заң шығарушы органның рұқсаты керек.. «Түркіменстан батыры» атағын Ғұрбанғұлы Бердімұхамедов 2011-ші жылы да алған. Ол кезде оған жоғары атақпен бірге қосымша куәлік пен 25 мың доллар көлеміндегі сыйақы да берілген-ді.  Енді  қаланың қақ ортасына «екі дүркін батырдың» қоладан жасалған мүсінін қою заңмен міндеттелген. Айта кетсек, Ғ.Бердімұхамедов батыр атағының саны жөнінен Түркіменстанның алғашқы президенті Сапармұрат Ниязовтан әлдеқайда артта қалған. Өйткені, Сапармұрат бұл награданы кезінде 6 рет алған болатын.

(9)