mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Тағы бір жемқор шенеунік құрықталды

Бас прокуратураның баспасөз қызметі: «Алматы қаласында прокуратура басқармасының басшысы Виктор Тихонов пен Наурызбай аудандық АІІБ тергеушісі тұтқындалды. Бас прокуратураның Тергеу департаменті Алматы қаласы Наурызбай АІІД тергеушісі Е. Әнуарбек пен Алматы қаласы прокуратурасының қызметкері В. Тихоновқа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 413-бабы бойынша (Қылмыстық жауаптылықтан көрiнеу заңсыз босату) қылмыстық іс тергелуде. Қызметкерлерге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді Бас прокуратураның Жедел тергеу тобы жүргізуде. Е. Әнуар мен В. Тихонов бұрын бірнеше мәрте сотты болған Ж. және Д. есімді азаматтарды қылмыстық жауаптылықтан заңсыз босатқанының салдарынан әлгілердің біреуі қайта ауыр қылмыс жасаған (қылмыскер қамауға алынды). Қызметтік қылмыс жасады деген күдікпен Е. Әнуарбек пен В. Тихонов Бас прокуратурамен ұсталып, уақытша тергеу изоляторына қамалды. Тергеу әрі қарай жалғасуда, бұдан басқа ақпарат тергеу мүддесіне орай жарияланбайды»,— деп хабарлайды.

(6)