mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Мұратхан Тоқмәди 3 жылға сотталды

Алматының Алмалы аудандық соты Мұратхан Тоқмәдидің ісі бойынша үкім шығарды. Кәсіпкер үш жылға бас бостандығынан айырылды. Алматы қалалық сотының сайтында жарияланған хабарламада: «Сотқа дейінгі тергеу барысында сотталушы Тоқмәди мен процестік прокурор арасында кінәні мойындау туралы мәміле түрінде процестік келісім жасалды. Процестік келісімге сәйкес, сотталушы айыптаушы тараппен дауласпай, келісім жасауға өз еркімен ниет білдірді, зардап шегуші оны бекітуге келісім берді»,— деп жазылған. Сот процестік келісім талаптарымен келісті. Соттың үкімімен М.Тоқмәди ҚР Қылмыстық Кодексінің 194-бабы, 3-бөлімі, 2 тармағы және 287-бабы, 4-бөлімі бойынша 3 жылға сотталды. Мұратхан Тоқмәди 12 маусым күні «Арман Вилла» тұрғын үй кешеніндегі өз үйінде ұсталған болатын. Оның иелігіндегі «Қазстройстекло» зауытында тінту жұмыстары жүргізілген-тін.

(4)