mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Мемлекет басшысы ЕАЭО кеңесіне қатысты

Ақорданың баспасөз қызметі: «Мемлекет басшысы Н.Назарбаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысты, деп хабарлайды Кеңеске Армения Республикасының Президенті С.Саргсян, Беларусь Республикасының Президенті А.Лукашенко, Молдова Республикасының Президенті И.Додон, Ресей Федерациясының Президенті В.Путин, сондай-ақ Қырғыз Республикасының Премьер-Министрі С.Исақов және Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Т.Саркисян қатысты. Отырыста мемлекеттер басшылары Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы өзара іс-қимылдың және экономикалық одақты одан әрі дамытудың бірқатар өзекті мәселелерін талқылап, Еуразиялық экономикалық комиссияның есебін тыңдады. Келіссөздер барысында Еуразиялық экономикалық одақтың қызметі оған мүше елдердің экономикасына оң әсер етіп отырғаны және интеграциялық үдерістерді күшейтудің маңыздылығы атап өтілді»,— деп хабарлайды.  Кеңесте сөз сөйлеген Нұрсұлтан Назарбаев: «Жиында қабылданған Еуразиялық экономикалық одақтың цифрлық күн тәртібін іске асырудың негізгі бағыттары маңызды. Сондықтан мен 2018 жылы одаққа мүше елдердің экономикасын цифрландыру жөнінде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің арнайы кездесуін өткізуді ұсынамын»,— деді. Кеңес соңында тараптар қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасындағы ынтымақтастықты бұдан да жоғары деңгейге көтеруге мүмкіндік беретініне сенім білдірді.

(5)