mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Мақсат — әскерилерді тұрғын үймен қамту

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары әскерилердің тұрғын үй мәселесін қарастыратын заң жобасын талқылау кезінде ерлі-зайыптылардың екеуі де әскери қызметкер болған жағдайда немесе олар ажырасса төлемақы кімге беріледі деген сауалға жауап іздеді. Бұл сауалға қорғаныс министрінің орынбасары Талғат Мұхтаров: « Үйде кім қожайын болса, төлемақы соған төленелді. Шындығында ерлі-зайыптылар ажырасқан жағдайда әскери қызметкердің жұбайына тұрғын үй төлемін төлеу тоқтатылатын кездер болады, өйткені әйелі отбасы мүшелерінің қатарынан шығып кетеді. Ал оған дейін берілген төлемақы бірлесіп тапқан мүлікке жатады және екіге бөлінеді, сондықтан қазір әскери қызметкерлерге ажырасу тиімсіз, өйткені төлемақы едәуір азаяды. Заңға енгізілетін түзетудің негізі мақсаты — баспанаға мұқтаж барлық әскери қызметкерді тұрғын үймен қамту»,— деп  жауап берді. Талқылау соңында мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин: «Қазір ғана Талғат Сәбитұлы: «әскерилерге күйеуге шығыңыздар, олар бұйрықпен бәрін жасайды», – деп қоғамға үндеу тастады»,— деп әзілдеді.

(6)