mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Испания: К.Пучдемон Каталонияны тәуелсіз ел екенін жариялады

Life.ru сайты: «Каталония үкіметінің басшысы Карлес Пучдемон аймақтың басқа да басшыларымен бірге Каталонияның Испаниядан тәуелсіздік алатыны туралы декларацияға қол қойды»,— деп хабарлайды. Бұл туралы автономия үкіметінің Twitter-дегі ресми парақшасында айтылған. Каталонияны тәуелсіз мемлекет ретінде растайтын декларацияға Пучдемон, оның орынбасары Ориол Жункерас, каталондық парламенттің спикері Карме Форкадель және 72 депутат қол қойған. Естеріңізге салсақ, бұған дейін Карлес Пучдемон парламенттен Испаниядан тәуелсіздік алу туралы мәселені кейінге қалдыруды сұраған болатын.

(6)