mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Б.Сағынтаев Е.Қошановқа неге шүйлікті?

Үкімет отырысында: «Қарағанды өңірі көмірге бай. Бірақ көмір үшін ұзын сонар кезек тұр. Ерлан Жақанұлы, не болып қалды?»— деп сұрақ қойған ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевқа өңірде көмірге не себепті ұзын сонар кезектің пайда болғанын түсіндірген Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов: «Әлеуметтік объектілерді көмірмен қамтамасыз ету бойынша облыста проблема жоқ. Көмір толық көлемде әкелінді. Бірақ халықты көмірмен қамтамасыз ету бойынша дүрбелең сақталып отыр. Осы жылдарға дейін облыс тұрғындары қазан айында сатып алатын. Бірақ биыл жылыту маусымы 27-і қыркүйекте басталды»,— деп ақтала бастағанда, оның сөзін бөлген Бас уәзір: «Сонда, сіздің пікіріңізше бұған халық кінәлі ме? Олар бұрын қазанда алатын. Ал биыл қыркүйектен бастап, көмір сатып ала бастаған. Солай болып тұр ма?»— деп, сауалды төтесінен қойды.  Өз кезегінде аталған мәселенің неден туындағанын айтып, ақталуға тырысқан өңір әкімі:  «Өңірдегі ауа температурасының бірден төмендеп кетуі салдарынан көмірге қатысты дүрбелең басталды. Бақытжан Әбдірұлы, алдын ала халық көмірді сатып алмайды. Себебі, онда көмірдің сапасы төмендейді. Сонымен қатар көмір өз-өзінен жануы мүмкін. Біз тиісті сараптама жүргіздік. Жыл сайын қазан айында көмірді сатып алатынбыз. Осы жылы 27 қыркүйекте жылыту маусымы басталды. Бірақ көмірді өндіру бойынша проблема жоқ. Ағымдағы жылдың 9 айында 22 млн тонна көмір өндірілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,6 млн тоннаға артық. Аталған мәселені шешу үшін тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Көмірге деген сұраныстың артуына байланысты қосымша шаралар қолға алынды. Шұбаркөл көмірін арту бойынша тәулік бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл жұмыс басқа разъездерге де байланысты. Сонымен қатар көмірге деген кезектің 50 пайызы көрші облыстардан келіп отыр. Осы аптаның ішінде біз көмірге қатысты дүрбелеңді басуды жоспарлап отырмыз. Жағдайды қолға аламыз»,— деді. Өз кезегінде Үкімет басшысы оған көмір мәселесін қатаң бақылауда ұстауды тапсырып: «Ерлан Жақанұлы, жылыту маусымы енді басталды. Ал сіздерде проблема басталып жатыр. Бұл мәселені бақылауға алыңыздар», — деп, тағы да шекелеп айтты.

(7)