mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Бұл не деген батпан құйрық?

Бұдан әрі: «Айдалада жатқан құйрық»,— деп, өлеңдете жөнелуге Астанада топ-менеджерлердің 400 мың теңгеге пәтер жалдап тұратындығы түрткі салады екен. Бүгіндері ел астанасы Ақордада жыл өткен сайын элиталы пәтерлер мен сән-салтанаты жарасқан түрлі кварталдар саны артып келе жатқаны анық. Әлгіндей қымбат «пәтерлерде» түрлі компания басшылары мен шетел азаматтары тұратыны да жасырын емес. Астанадағы «Витрина Недвижимости» сараптама компаниясының коммерциялық бөлім басшысы Әсем Болатқызы бұл жайлы: «Нарықта, әсіресе, элиталы тұрғын-үй кешендеріне деген сұраныс арта түсті. Астанадағы ең қымбат пәтерлер «Arman Deluxe» және Қорғалжын шоссесі бойындағы «Green Village», «GreenGarden» тұрғын-үй кешендеріне тиесілі. Аталған үйлерде 1-2 бөлмелі пәтерлер жоқ, яғни, 3-4 немесе одан да көп бөлмелі пәтерлер ғана бар. Мұндай пәтерлерді айлық жалға алу құны – 400 мың теңге. Одан кейінгі орында – «Highvill» ТК тұр. Мәселен, мұнда 2 бөлмелі пәтерді 200-300 мың теңгеге жалдай аласыз. Ал, одан кейінгі кезекте – «Париж», «Милан» кварталдары тұр. Бұл үйлерде де тек 3-4 бөлмелі пәтерлер ғана бар. Мұнда пәтерді жалға алу құны, шамамен, 200 мыңнан бастам 1 миллион теңгеге дейін барады. Бұл жерде баға неше бөлмелі пәтер жалдағаныңызға байланысты. Сосын бұл тізімге биыл ғана пайдалануға берілген «Жасыл» кварталы да кіреді. Рас, әзірге, бұл кварталдың үйлеріне сұраныс аз, себебі, аталған аудан инфрақұрылымы дамымаған, жөндеу жұмыстары енді-енді қолға алынып жатыр. Бұл кварталдың 2 бөлмемі пәтері шамамен – 200 мың теңгез. Мұндай пәтерлерді тек шетелдік компания басшылары, топ-менеджерлері ғана жалға алады, қарапайым халыққа мұндай бағадағы пәтерлер, әрине, қолжетімсіз. Элиталы тұрғын-үй кешеніндегі 1 бөлмелі пәтер бағасы орташа есеппен – 20 млн теңгеден басталады. Эконом кластағы 1 бөлмелі пәтерлер – 9 млн, ал комфорт класта – 11-12 млн теңгені құрайды. Бұл былтырғы жылдағы бағамен салыстырғанда, аз да болса төмен баға, өткен жылы, мәселен, комфорт кластағы 1 бөлмелі пәтер -13- 14 млн теңге болған еді. Астанадағы пәтерлер шетелдіктер тарапынан да зор сұранысқа ие. Ондайлардың басым бөлігін, қазақ қыздарына үйленген шетел азаматтары құрайды.

Сондай-ақ,  Астанада пәтер  сатып алушылар саны жыл санап артып келеді. Олардың арасында әсіресе, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Атырау және Ақтау қаласы тұрғындары көш бастап тұр. Біздің компанияға пәтер сатып алу мақсатында, Ақтөбе, Шымкент, Атырау, Ақтау, Алматы қаласының тұрғындары жиі келеді. Оңтүстік астана тұрғындары негізі өз қалаларынан көшкілері келмейді. Десе де, олар зілзаладан қауіптеніп, Астанадан «запас» пәтер алуға құмар. Бұл тізімге Петоропавл қаласының тұрғындарын да қосуға болады. Бұрындары қазақстандықтар көбіне-көп Алматыдан пәтер алуды жөн санайтын, қазір керісінше, Астананың – астана мәртебесі бар, сондықтан халық балаларының болашағы үшін осы қаладан пәтер сатып алып жатады. Ауқаттылардың Астанада 5-10 дейін пәтерлері бар. Бай-бағландар олардың денін жалға немесе туыстарына уақытша тұру үшін береді. Қазақстандықтар бұрын балаларын шетелге оқытуға асығатын. Қазір шетелде оқыту бағасы шарықтап кеткендіктен, өңірдегілер балаларын осында, Астанада оқытуға тырысады. Мәселен, олардың дені «Назарбаев» университетіне түсіп жатады. Сондықтан байлар елордадан қос-қостан пәтер, ал қарапайым ел тұрғындары тым құрыса бір пәтер алуға тырысады. Мұндай пәтер иелері үйлерін жалға немесе туған-туыстарына уақытша тұра тұруға береді»,— деп отыр. Мұнан кейін: «Ақшаң болса қалтаңда, талтаңдасаң талтаңда»,— деу осыдан келіп шыққан -ау өзі демеске амал қалмайды екен.

(15)