mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Биыл 12 жоба бойынша жұмыстар жүргізіледі

Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифингте ҚР ИДМ Инвестициялар комитеті төрағасының орынбасары Лариса Жұмағалиева: «Биыл жаңа өндіріс орындарын ашу үшін 12 жоба бойынша жұмыстар жүргізіледі. Жобалардың құны – 4 млн доллар. Мысалы, «Роллтон-Маревен фуд» компаниясы Алматы облысында өз жобасын қолға алмақ. «Роллтон» компаниясының өнімін Ресейде шығаратыны белгілі. Ал биылдан бастап, аталмыш кәсіпорын елімізде тез дайындалатын кеспе шығармақ. Сонымен қатар, Павлодар облысында алюминий шығаруға қатысты жоба бар. Оған «Гисин Хаус» неміс компаниясы жауапты. Жобаның кұны – 4,2 млрд теңге. Бұрын елімізде алюминийдің мұндай түрі шығарылмаған. Тараз қаласында орналасқан «Химпарк Тараз» арнайы экономикалық аймағы бар. Онда Қытайдың компаниясы глифосат шығаратын зауытты іске қоспақ. Кәсіпорын биыл жұмысын бастайды. Жалпы 12 жоба бойынша жұмыстар жүргізіледі. Ал 2 жоба биыл іске қосылады», — деген ақпарды жария етті.

(3)