mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Қос басшы 1,8 млрд теңгені жымқырған

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметі: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тегін медициналық көмектің кепілдендірілген мөлшері аясында дәрі-дәрмектерді сатып алуға бөлінген бюджеттік қаражаттың жымқырылуына қатысты тергеу амалдарын бастады. Күдікке «СК-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы М.Е.Касаткин мен өзге де адамдар ілігіп отыр. Тергеу болжамына сәйкес, Касаткин «КазСибФармацея» ЖШС-ның пайдасы үшін тендердік процедуралар кезінде аталған компаниялардың бәсекелестерінің өтінімдерін заңсыз қайтарып отырған. Бұған қоса «КазСибФармацея» ЖШС-нің сатылып алынған дәрі-дәрмектер Денсаулық сақтау министрлігі белгілеген бағадан 15 процентке қымбатқа өткізілген. Осындай жолмен 2015-2017 жылдары «СК-Фармация» мен «КазСибФармацея» басшылығы 1,8 млрд теңгені жымқырған. Қазіргі уақытта Касаткин мен «КазСибФармацея» ЖШС-ның басшысы А.О.Ахметов қамауға алынған. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр»,— деген ақпарды жария етті.

(8)