mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Елімізде жаңа форматтағы атаулы көмек енгізіледі

Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова: «2018 жылдан бастап «100 нақты қадам» жоспарында және Елбасының биылғы жылғы халыққа Жолдауында берген тапсырмаларын орындау мақсатында еңбек және қамсыздандыру саласында бірқатар бағдарламалар іске асқалы отыр. Соның бірі — 2018 жылдың қаңтарынан енгізілетін жаңа форматтағы атаулы көмек. Мұндағы ең үлкен өзгеріс — аз қамтамасыз етілген азаматтарға немесе отбасыларға берілетін атаулы әлеуметтік көмек кешенді болып, ол  өз ішінде 3 түрлі мемлекеттік қолдауды қамтып отыр. Біріншіден, азаматтарға немесе отбасыларға бүгінгідей ақшалай төленетін көмек көрсетіледі. Ол ай сайын немесе алушының өтінішіне сәйкес 6 айға шартты түрде берілуі мүмкін. Екіншіден жұмыс жасындағы және еңбекке қабілетті азаматтар мемлекет есебінен оқуға, жастар тәжірибесіне, әлеуметтік жұмыс орындарына жіберіледі. Сонымен қатар өз ісін ашуға немесе бизнесін кеңейтуге мүмкіндік алады. Үшіншіден қажеттілігіне қарай  мүмкіндігі шектеулі отбасы мүшелеріне мемлекет тарапынан кепілдендірілген атаулы әлеуметтік көмек көрсетілетін болады. Жаңа  форматтағы атаулы әлеуметтік көмекті енгізу үшін үстіміздегі жылдың 1 шілдесіне дейін қажетті нормативтік-құқықтық актілер мен автоматты түрде есептейтін ақпараттық жүйелер толық дайындалып, облыс, аудан және қала әкімдіктеріне жеткізілді»,— деген хабарлама жасады.

(5)