mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Елде екi-ақ тұрғын үйге кепiлдiк берілген

ОКҚ брифингi барысында  «Тұрғын үй құрылысына кепiлдiк беру қоры» АҚ-ының бiр жылғы жұмысын қорытындылаған Қордың басқарма төрағасы Дәурен Оңаев: «2016 жылғы 10 қазанда «Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы» заң қабылданып, осы күннен бастап Тұрғын үй құрылысына кепiлдiк беру қоры өз қызметiн бастады. Ол заңның күшiне енгенiне тура бiр жыл болды. Бiр жыл iшiнде бiзге 50-ден астам тұрғын үй жобасы бар 40-қа жуық құрылыс салушы өтiнiш бiлдiрдi. Бірақ, кепiлдiк беру туралы шартқа қол қоюға құрылыс салушылардың барлығы жараған жоқ. Кейбiр компаниялар қажеттi құжаттаманы тиiстi деңгейде қамтамасыз ете алмай, кейбiр құрылыс салушылар кепiлдiк жарнаның жоғары екендiгiн алға тартты. Дегенмен, бiр жыл iшiнде Кепiлдiк беру қоры екi қалада салынып жатқан үйлер бойынша кепiлдiк бередi. Олар: Астана қаласындағы «Миллениум парк» тұрғын үй кешенiнiң секциясы мен Алматы қаласындағы «Легенда» ТҮК-тiң бiрiншi кезегi. Осылайша, Қор кепiлдiгi бұл тұрғын үйлерден үлес сатып алуға ниет бiлдiрген азаматтарға қандай жағдай болмасын, пәтерлердiң кiлтiн алуды қамтамасыз етедi», — деп, талаптарға сай келмегендiктен және басқа да себептермен кепiлдiк алуға жарамаған құрылыс компаниялары жиi кездесетінін алға тартты. Осындай жағдайды ескере отырып, Инвестициялар және даму министрлiгi Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу мәселесi бойынша кейбiр нормативтiк актiлерге түзету енгiзуге бастамашы болып отыр екен.

(7)