mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Дәрігерлер қағазбастылықтан қашан құтылады?

Үкімет орталығында өткен брифингте осы сауалға жауап берген ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов: «Денсаулық сақтау саласын цифрлы жаңғыртудан өткізу және қағазсыз форматқа көшіру мақсатында медициналық ақпараттық жүйелер енгізілуде. Бұл 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қағазсыз форматта жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Алдағы жылы 4 облыста, яғни  Қарағанды, Ақмола, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарында 2018 жылдан бастап медициналық құжаттамаларды қағазсыз форматқа көшіру бойынша арнайы пилоттық жоба енгізіледі.  Ондағы мақсат – жергілікті жерлердегі ауруханаларды қағазсыз форматқа көшіру»,— деп, сөзінің соңында: «Мобильді денсаулық сақтау (mHealth), жасанды интеллект, виртуалды технология, дәрі-дәрмекті қадағалау жүйесінің элементтерін пайдалану жөнінде тиісті жұмыстар жүргізілуде. Аталған жобаларды жүзеге асыру үшін біз IBM (Watson for oncology) және Microsoft (hololens) компанияларымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойдық»,—  деген ақпарды алға тартты.

(4)