mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Баспананы 20% арзанға сатып алуға болады

«Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымдары «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ мен «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» АҚ Алматыда 40 құрылыс компаниясының өкілдерімен кездесу өткізіп, онда  азаматтарға тұрғын үйді нарықтық құнынан 15-20%-ға төмен бағамен сатып алуға мүмкіндік беретін үлестік құрылыс жобасы талқыланды. ТҮҚЖБ Алматы қалалық филиалының директоры Рахила Балтабаева: «Бүгінде 140 мың алматылық азамат «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» көмегімен баспаналы болу үшін қаражат жинап жатыр. Олардың жинақ сомасының жалпы көлемі 75,6 млрд теңгені құрайды. Жиналған ақша қазірдің өзінде тұрғын үй заемын рәсімдеуге және 15 000-нан астам пәтер сатып алуға мүмкіндік береді. Алайда біздің салымшылар үшін тұрғын үйдің тек жайлы және сапалы ғана емес, қолжетімді болғаны да керек. Үлестік жоба бойынша клиенттер тұрғын үйді 15-20 %-ға арзан бағада сатып алса болады. Үлестік жобаларға қатысқанға дейін құрылыс компанияларына Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қорынан кепілдік немесе әкімдіктен рұқсат алу қажет болады. Құрылыс жүргізуші компанияның банкрот болуы, қаржының көзделген мақсатта жұмсалмауы, пайдалануға беру мерзімінің бұзылуы секілді кепілдік жағдайы туындаса, кепілдік беру қоры нысанды салып бітіреді. Сондықтан клиенттердің күдіктенуге жол беруіне ешқандай негіз жоқ»,— дейді.

(7)