mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Азық-түлік бағасы шарықтап тұр

Соңғы күндері елімізде доллар бағамымен қатар бензиннің де құны көтеріліп, бұл азық-түлік бағасының күрт шарықтап кетуіне әкеліп соқтырды. Көтерме саудада тауардың қымбат келуі саудагерлерді де әбден әуре сарсаңға салған. Ең бірінше еттің бағасы көтерілген. Базарда баяғыдай көл-көсір ет жоқ. «Жылқының жамбас еттері 2800,  қазы 2900 теңгеден сатылуда. Сиыр етінің де жағдайы мәз емес. Қабырға, төс, мойын, жіліктің басы сынды сүйекті тұстары — 1500-1600 теңге болса, жамбас, сегізкөз сынды жылы жұмсақтардың бір келісі — 2100 теңге. Қой етінің бағасы сәл арзандады, қазір сы аптада сәл арзандады, қазір 1350 теңгеден бағалануда. Картоптың «нарынқолдық» деп аталатын түрінің бір келісі — 250-300 теңге, Павлодарлық картоптар  200 теңге, жергілікті, алматылық картоптың келісі – 600 теңгеге шығандап кеткен. Саудагерлер: «Бағаны шаруалар шарықтатып жіберді»,— деген уәжді алға тартады. Жұмыртқа да қымбаттаған. Мәселен, фабрикалық жұмыртқалардың 10 данасы көлеміне қарай 450-500, ал үй тауықтарынікі — 800 теңге. Әлеуметтік азық-түліктің ішінде қант — 300, қүріш — 400-450, қарақұмық – 360,  сұйық майдың 1 литрі — 405-450, жарманың келісі – 350,  жылыжай қияры — 600 теңге, қызанақ — 250-600 теңгенің арасында бағалануда.  Бағасы көтерілмеген тауар ішінде тауық еті ғана бар. Балапанның 1 келісі — 800-850 теңге. Нәпақасын сатылатын тауар үстіне қосатын азын-аулақ ақдшамен айырып отырған сатушылар: «Баға Сатушылардың сөзінше, Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесі аяқтала салысымен бірте-бірте өсіп кетті. Оның үстіне базарда сату орнын жалға алу ақысы бірден 25 пайызға көтерілді. Бұрын 28 мың теңге төлесек, қазір ол 36 мыңға жетті. Сонымен қатар, салық та қатты қысып жатыр. Бағаның көтерілуіне осының барлығы әсер етуде. Күннен күнге базарда клиент азайып барады. Бірнеше саудагер орындарын жауып, басқа бизнеске кетіп қалды. Жағдайдың бұлай ұшығуына не себеп екендігіне зерттеу жасаған құзырлы органдар болмай отыр. Алдағы уақытта күніміздің не боларын білмейміз»,— деп зар еңірейді. Жағдайды көз көріп отырған соң амалсыздан: «Азық-түлік, отын, жанармай сынды халық тұтынуына аса қат тауарлар бағасын ауыздықтай алмаса, жоғарыдағы билік орынтағында лауазымды шенеуніктер не қып шіреніп отыр? Бағаның шарықтауына кім тосқауыл қойып, оны кім ырықтандырмақ? Жұртты мазалайтын басты сауал да, міне, осы»,—  деунге мәжбүр болады екенсің.

(15)