mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Үкімет жанармай тапшылығын халыққа түсіндіруі керек

Мәжіліс депутаты Мәулен Әшімбаев: «Бензиннің неге жоқ екенін анықтау керек. Алматыда да, Астанада да бензин тапшылығы бар. Еліміздің басқа өңірлерін де бұл мәселе айналып өтпесе керек.Ендеше, үкімет осындай жағдай неліктен болып отырғанын нақты айтып, халыққа түсіндіруі керек. Әлемдік нарықта мұнай бағасы айтарлықтай тұрақталғанда, мұндай жағдай болмауы тиіс еді. Жалпы алғанда, бұл баға біздің өндірушілер үшін табыстың белгілі бір деңгейін сақтауға жеткілікті. Біздің мұнай өңдеу зауыттарымыз жұмыс істеп тұрған кезде бензин тапшылығының неге туындағанын түсіндіру қиын шығар. Сондықтан үкімет өзінің нақты дәлелдерін келтіруі керек. Мен бұл жағдайдың объективті себептерін көріп тұрған жоқпын. Бәлкім, менің айтқаным дұрыс емес шығар. Бұл жерде субъективті себептер бар секілді. Табысты арттыру мақсаты болуы мүмкін. Бұл ретте үкімет жағдайдың мән-жайын анықтауы керек. Бұл маңызды мәселе. Егер сәрсенбіге дейін үкімет жағдайдың мән-жайын анықтап, түсіндірмесе, менің әріптестерім бұл мәселені көтеретініне сенімдімін», — деп түйді сөзін.

(7)