mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Бос жерлерді мемлекет меншігіне қайтару керек

ШҚО баспасөз қызметі: «Өскемендегі 19 шағын аудан қарамағындағы бірқатар жер телімдері 13 жыл бойы нысаналы мақсатына сай қолданылмай келген. Олар бүгінде жекеменшіктің құзырында. Өңір басшысы Даниал Ахметов Өскемендегі осы бос жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтаруға нұсқау берді»,— деп хабарлайды. Шағын ауданның 30-дан астам учаскесіне инженерлік инфрақұрылым желісі тартылған. Ал жұмыстың құны 40 миллиард теңге болған. Қаражат мемлекет қазынасынан бөлінген. Бір қызығы, жұмыс аяқталған соң, жер телімдері жекенің қолында кеткен. Құрылысқа білек сыбана кіріскендері некен-саяқ. Небәрі 5 кәсіпкер. Облыс әкімі тапсырмасынан кейін бірден 3 учаске кері мемлекет меншігіне қайтарылды. «Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жұмыстарына 40 млрд теңге бейберекет жұмсалған. Оның жемісін көріп жатқан ешкім жоқ. Біз шағын аудан салу үшін жаңа ресурстар іздеп жүрсек, мұнда үлкен жер учаскелері бос жатыр. Олардың орнына 20 көппәтерлі тұрғын үй салуға болатын еді»,— дейді облыс әкімі. Аймақ басшысы: «Егер жер телімдерін алған азаматтар құрылыс жүргізуге ниет білдірсе, құрылыс мерзімі, қаржылық мүмкіндігі баян етілген құжаттарын, сондай-ақ жобалық-сметалық құжатын көрсетулері тиіс. Әйтпесе, жер сот арқылы кері қайтарылады»,— деп, кесіп айтты дейді баспасөз қызметіндегілер.

(0)