mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Бензинге қойылған шектеу қашан алынады?

ОКҚ-де өткен брифингте ҚР Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов (енді экс):  «Біздің жұмысшылар жанар-жағармай құю станцияларын аралап, бағаға мониторинг жасап шықты. Бензин Helios-та — 150, Nomad-та – 153, Sinooil-да — 152, ГазПромНефть-те – 156, «ҚазМұнайГаз» жанармай құю бекеттерінде бензин 152 теңгеге сатылып жатыр. Бірақ бензинге шектеу бар, 20 литрден артық берілмейді. Алдағы уақытта жанар-жағармайдың жаңа қоры келуі керек. Содан кейін бензинге деген шектеу алынады»,— деп мәлімдеді. Ал, ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің баспасөз қызметі: «Біздің орган мұнай өнімдерінің тапшылығына және олардың бағаларының өсуіне байланысты ЖЖМ нарығындағы жағдайды тексеріп, бізге келіп түскен мәліметтерге байланысты тиісті мекелемерге сауал жолдады. Соның нәтижесінде арнайы талдау жасалады. ҚР Кәсіпкерлік кодексін бұзу белгілері, қолдан тапшылық жасау, ЖЖМ арналған бағаны негіссіз көтеру,  бағаларды белгілеу және ұстап тұру (бағалық сөз байласу), тауарларды өндіруді не өткізуді негізсіз шектеу бөлігінде бәсекелестікке қарсы келісілген әрекеттерді жасау, сондай-ақ нарық субъектілерінің өзінің үстем немесе монополиялық жағдайын теріс пайдалану фактілері анықталған жағдайда, олардың әрекеті ҚР ӘҚБтК-нің 159-бабы бойынша сараланып, соған сәйкес осы заң аясында ондайлардың монополистiк қызметтi жүзеге асыру нәтижесiнде алынған кірісі тәркiленіп, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне кірістің (түсiмнiң) — 3 %-ы, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 5 %-ы мөлшерiнде айыппұл салынады»,— деп жазылған. Әкімшілік істер сот инстанцияларына қарауға жіберіледі.

(0)