mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

АҚШ-Түркия: Елшіліктер виза беруді тоқтатты

Reuters агенттігі: «АҚШ пен Түркия елшілігі азаматтарға өзара виза беруді тоқтатты. Енді Американың ешбір азаматы түрік шипажайында демала алмайды, әлдебір шаруасымен Түркияға ұшып та келе алмайды. Тіпті Түркияда уақытша жұмысқа орналаспақ болғандардың жолы кесіліп, мұнда емделу де қиындады. Өйткені, Түркия елшілігі америкалықтарға иммиграциялық визалардан басқа виза түрлерін беруді тоқтатып тастады»,— деп хабарлайды. Ресми Анкараның мұндай қадамға баруына америкалық дипломаттардың әрекеті себеп болыпты. Айта кетсек, өткен аптада Ыстамбұлда АҚШ консулдығының қызметкері ұсталған еді. Түрік билігі одан Америкада тұратын оппозиционер Фетхулла Гүленмен байланысы бар деп күдіктеніп отыр. Гүлен болса, былтыр мемлекеттік төңкеріс ұйымдастырғаны үшін айыпталған еді. Түркия азаматы болса да, елшілікте жұмыс істейтін қызметкерінің тұтқындалуын Вашингтон екі елдің арасында араздық тудыратын теріс әрекет деп бағалап, Рресми Вашингтон да  іле-шала АҚШ-тың Түркиядағы дипломатиялық өкілдіктерінде иммиграциялық визалардан басқа виза түрлерін беруді тоқтатуға үкім берді.

(7)