mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

АН-28 ұшақтарына тыйым салынуы мүмкін

ИЖД министрлігі, Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары Тоты Әмірова: «Жыл басынан бері шағын авиациядағы апаттан 11 адам ажал құшты. Қазақстанда ондай АН-28 маркалы авиация ұшақтары көп те емес, бар-жоғы жетеу. Оның төртеуі ұшуға жарамсыз болса, біреуі жақында апатқа ұшырап, 5 адамның өмірін жалмады. Енді қалған екеуіне де тыйым салынуы мүмкін. Жыл басынан бері ресми түрде 5 әуе апаты тіркеліпті. Азаматтық авиация академиясы оқу жаттығу кезінде болған тағы бір апатты жасырып отырған көрінеді. Қазір орталықта жаттығу жүргізуге тыйым салынған»,— дейді   Еліміз бойынша шағын авиацияда барлығы 662 ұшақ тіркелген. Оның жартысы ғана ұшуға рұқсат алған. Мамандар елде қолданыс мерзімі 25 жылдан артық ескі ұшақтар көп дейді.

(1)