Әй, адамдар, қызықсыңдар-ау!..

Егер адам 10 теңге садақа берсе, бұл ақшаны көп көреді, бірақ 10 теңгеге дүкеннен бір нəрсе сатып алғысы келсе, алатын нəрсе таба алмас-ау…
Қызық… Адам 10 минут намаз оқыса, бұл уақытты көп көреді, бірақ теледидар мен интернеттің алдында қаншама сағатын өткізіп жатқанына қарамайды-ау…
Қызық… Адам естіген өсегіне дереу сене кетеді, бірақ Құран мен хадистің ақиқат сөздерін құлағына да ілмейді…
Қызық… Адам намаз оқып тұрып дүниелік істерін ойлап кетеді, бірақ күйбең тірлікпен жүріп, намазды есіне де алмайды…
Қызық… Адам бір сүрені жаттауды көпсінеді, бірақ небір мəн-мағынасы жоқ анекдоттар мен əндерді жаттап алып, əрдайым айтып жүреді…
Қызық… Адам концертте алдыңғы қатарға отыруға жанталасады, бірақ мешітте алдыңғы сапқа тұрмақ түгіл, есігінен басын да сұқпайды…
Қызық… Адам университетке түсу үшін жанын беріп дайындалады, бірақ ештеңе істеместен Жәннатқа кіргісі келеді…
Қызық… Адам басқалардың бақилық болғанын жиі естісе де, өзінің бір күні өлетінін ойланбайды…
Қызық… Адам тəні үшін 3-4 мезгіл тамақ ішеді, алайда жанының азығы болған ғибадатқа көңіл бөлмейді…

Ғаламтордан
алынды

(23)