Ұланбасы сайланды

Елбасымыз, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасында көрсетілгендей, жас ұрпаққа үлкен үміт артылып отыр. Республикалық бірыңғай «Жас ұлан» балалар және жасөспірімдер ұйымы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылған қоғамдық ұйым. «Жас ұлан» — өскелең ұрпақты жоғары рухани – адамгершілік құндылықтар, гуманистік, демократиялық ұстанымдарға негізделген қазақстандық патриотизм рухында қалыптасқан ұйым. Ұйымның мақсаты: өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін – өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікке тәрбиелеу.
Осыған орай, №19 орта мектепте «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер Республикалық қоғамдық бірлестігінің «Ұланбасын сайлау» салтанатты жиыны өтті. Жиынға 7-9 сыныптар аралығындағы оқушылар қатысты.
Жиынның негізгі мақсаты: мектеп Ұланбасын әділ сайлау болатын. Мектеп директоры Смагулова Гүлжазира Гинятқызы сөз сөйлеп, мектеп оқушыларына ізгі тілек тілеп, ұланбасылық қызметтің жауапкершілікті талап ететінін, сайлаудың әділ болуын баса айтып өтті.
Мектеп белсенді әншілері ән айтып, көрермендерге жағымды көңіл күй сыйлады. 2016-2017 жылдар аралығында Ұланбасы қызметін атқарған Қаламбекова Айнұр үміткер ұланбасыларға ақыл-кеңес білдірді. Өз кезегін көптен күткен үміткерлер:
7 «А» — Саримбаева Нұрсила, 7 «Ә» — Бердимуратова Сабрина, 7 «Б» — Бупанбаев Сұлтанбек, 8 «Б» — Тухтабай Жамиля, 9 «А» — Ғалымхан Оралхан, 9 «Б» — Курманиязова Салтанат, 9 «В» — Быбанкулова Балжан сөз алып, бірінен соң бірі жобаларын қорғады. Көрермендер көкейіндегі сұрақтарын қойып, жауаптарын алды.
Сайлау комиссиялары сайлау парақшаларын ұсынды. Жоғары 130 баллды жинаған 2017-2018 жылғы мектеп «Ұланбасы» қызметіне Құрманиязова Салтанат тағайындалды.
Сәбитбекова Диана Ерланқызы, Қостанай облысы
Рудный қаласы әкімдігінің «№ 19 орта мектебі»
КММ балалар ісін ұйымдастырушы

(38)