«Ясин-Нұр» жарық көрді

Алматыдағы «Төр Бөрі» баспасынан ақын Дәулетбек Байтұрсынұлының «Ясин-Нұр» атты өлеңдер жинағы жарық көрді. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, халықаралық бірнеше әдеби сыйлық иегерінің бұл кітабы — оның жаңа жыр жинағы. Жинақтың бірінші бөлімі пенделік өмірдің түйткілдеріне тоқталса, екінші, үшінші бөлімі руханият әлемінің сырларына үңіліп, Хақты тануға талпыныс жасайды. Мінәжат жанрына қалам тербеп жүрген ақынның өлеңдері ғалам мен адам, адам мен Құран байланыстарына құрылған құнды еңбек. Философия ғылымдарының докторы Бақытжан Сатершиннің алғы сөзімен жарық көріпті. Өмір сүру қағидасын өзінше пайымдайтын бұл топтама оқырман жанына ізгіліктер бағыштайтыны сөзсіз.
Күміс Қалтыкей

(5)