mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Менің таңдауым — балаларға көмек!

Елбасының бастамасымен қолға алынып, республика көлемінде өтетін жыл сайынғы жалпыреспубликалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы Алатау ауданындағы №169 мектеп-лицейінде 2017-2018 жаңа оқу жылы қарсаңында «Менің таңдауым — балаларға көмек!» ұранымен өтіп жатыр.
Акцияның мақсаты — жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету және баланың әлеуметтік себептермен мектепке себепсіз келмей қалуының алдын алу, балалардың оқумен қамтылмауын анықтау, аз қамтылған отбасыларға және балаларға қамқоршыларды бекіту.
Осы мақсатта мектебімізде акция жалғасын тапты. Демеушілер тарапынан қолдауды қажет ететін 32 оқушы анықталып, «Өжет» базарының әкімшілігі мектеп формасы және спорт киімдері, мектеп арендаторы «АФИНА» ЖШС-ның басшысы Тамара Ким мектеп формалары және мектеп оқу құралдары, «КазСтрой Group LTD» ЖШС-ның басшысы Бекмұратов Мадияр мектеп формасы, спорттық киім және оқу құралдары арқылы және «Талант» медициналық орталығы мектеп формасын балаларға тарту етіп, акцияға белсене атсалысты. Мектебіміздің ата-аналары да бұл шараға өз үлестерін қосты.
Л.Байғазиева№169 мектеп-лицейінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

(13)