Батыл неке деген не?

Негізгі шарттарында кемістігі бар болып қиылған неке «жалған неке» деп аталады. Жас, бүлдіршін баланың, не ақыл-есі жарым адамның тікелей өзі үйленуі және қыз бен жігіттің неке қиярда келер шақпен келісімшарт жасауы, қыз бауыры, немере әпке, нағашы әпке сияқты жақын туыстарымен үйлену, өзге біреудің әйелімен біле тұра үйленуі, мұсылман қыздың кәпірге тұрмысқа шығуы, мұсылман ердің мүшрік, дінсіз бір әйелмен үйленуі, сондай-ақ «мұта» неке де жалған некеге жатады.
Бұлар түгелдей түзеуге келмейтін некелер. Мұндай жағдайда дереу бір-бірлерінен алшақ кетулері қажет. Егер ажырмайтын болса, қазы күшпен ажыратады.

(40)