mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Ақылы тұрақтан түсетін ақша қайда кетеді?

Алматы әкімдігінің өкілдері ақылы тұрақтан түсетін ақша қайда кететінін айтты. Қалалық көлік және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мақсұт Исахов: «Ақылы тұрақ операторы «СпецТехПаркинг» ЖШС-ның 30 пайызы әкімдікке, 70 пайызы жеке инвесторға тиесілі. Жеке инвестор жобаға 10 млрд теңге қаржы салуды жоспарлап отыр. Қазір оның салғаны 1,3 млрд теңге. Қала билігі жүйенің дамуына 1 тиын салған жоқ. Бірақ өзінің 30 пайыздық үлесінен табыс көріп отыр. Сонымен қатар, ақылы тұрақ операторы 190 млн теңге көлемінде салық төлейді. Көлігін тұраққа дұрыс қоймағандар 81 млн теңге көлемінде айыппұл төлейтін болды. Бұл мемлекет қазынасына кетеді. Біз әлемдік тәжірибені қарадық. Әлемде еш елде ақылы тұрақ мемлекеттің қаржыландыруында емес. Бұрынғы «Алматы паркинг» операторымен салыстырғанда түскен салық көлемі 5 есе артты»,— дейді. Айта кету керек, Алматыда ақылы көлік тұрағы көбейіп келеді. Тұраққа көлік қою құны уақытына қарай 50 теңгеден басталады. Төлем паркомат арқылы жасалады. Тұрақ үшін ақша төленбеген жағдайда 5 АЕК көлемінде айыппұл салынады.

(14)