mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Авиакомпанияның қылмысқа қатысы бар екен

Жақында Алматы қаласы маңында санитарлық ұшақ апатқа ұшырап, оның ішінде болған 5 адам қаза тапқан еді. Олар:  ұшақ командирі, Қырғыз елінің азаматы — Геннадий Ше, екінші пилот — Евгений Кутафин, авиатехник — Бейшебек Ақматбаев, профессор, Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығының акушер-гинеколог дәрігері — Патсаев Талғат Анапияұлы, профессор, Кардиология мен ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының реаниматолог-дәрігері — Артықбаев Жәнібек Төкенұлы. Алматы қаласының көлік прокуратурасы аталған қайғылы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғаған. КТК арнасының хабарлауынша, ұшағы апатқа ұшыраған East Wing компаниясының Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Санитарлық авиация орталығы бас директорының орынбасарына қатысты қозғалған қылмыстық іске қатысы бар екенін хабарлады.  Республикалық санитарлық орталық директорының орынбасары Мадияр Шалғынбаев биыл сәуірде 2 миллион теңге пара алып жатқан жерінде ұсталған еді. Шенді шенеунік жеке меншік авиакомпанияларға тендер алып беруге көмектесіп, олар оған тендерге бөлінген қаражаттың 10 пайызын пара, яғни  ауызбастырық ретінде беріп келсе керек. Құқық қорғау орындары Мадиярға және жоғарыдағы жеке меншік авиакомпанияға қатысты осындай күдік барын алға тартады. Жемқорлыққа қарсы ұлттық бюроның мәліметінше, мекеме Мадияр арқылы науқастарды тасымалдау үшін мемлекеттік тендерде жеңіске жетіп отырған. Енді депутаттар East Wing компаниясын да жіті тексеруді талап етуде. Мәселен, мәжіліс депутаты Бақытжан Әбдірайым: «Сол тендерді ұтып алған жекеменшік фирма бар ғой. Солардың құрылтайшыларын жауапқа тарту керек. Кім екенін білу керек. Естуімше, екі-ақ ұшағы бар екен. Сол ұшақты техникалық дұрыс жағдайда ұстауы қажет еді ғой. Санавиацияны басқарып отырған қызметкерлердің де жауапкершілігін күшейту керек»,— дейді. Апатқа ұшыраған Ан-28 ұшағы жеке меншік авиакомпанияға қараған. Аталған авиапаркте 24 ұшақ, 11 тікұшақ бар екен. Апатқа ұшщыраған Ан-28 ұшағы 27 жыл бойы пайдаланылған. Негізі Польшада жасалған. 2015 жылдан бері 2 мыңнан аса рейстер орындаған, көбінде балалардың өмірін құтқаруға ұшып отырған.

(4)