mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Көмір бағасы неге шарықтап тұр?

Үкiмет отырысында биылғы жылдың 9 айының қорытындысымен таныстырған ҚР Энергетика министрi Қанат Бозымбаев: «Көмiр өндiру көлемi 74 млн тоннаға жеттi. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 116 пайызды құрап отыр. Көмiр бағасы сұраныс пен ұсыныс негiзiнде қалыптасады. Атап өтсек, разрез немесе шахтада сатылатын көмiр тоннасының бағасы 2-5 мың теңге аралығында құбылады. Тұтынушыға жеткенге дейiн көмiр бағасының өсуiне темiржол тарифтерi мен жеткiзушi ұйымдардың маржасы ықпал етедi. Қазiр тұтынушылар көмiрдiң тоннасын 10-15 мың теңгеге сатып алып жатыр»,— деп мәлімдеді. Қалай десек те, қазiргi таңда елiмiзде көмiр бағасы көтерiлген. Министр сөзін жоққа шығарған елорда тұрғындары: «Қазiр көмiрдiң бір тоннасы қалада кем дегенде 17-18 мың теңгеге сатылып жатыр»,— деп зар илейді. Сонда, 2 мыңдық көмiр 18 мыңға сатылады деп есептесек, көмiр бағасы өз құнынан 9 есе қымбатқа сатылып жатыр екен. Ендеше, халық қалтасына түсіп, жұртты тапа-тал түсте тонап жатқан кәсіпорындарға кім тосқауыл қоймақ?

(36)