mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Қысқа да нұсқа жаңалықтар (03.10.2017)

*Мемлекет басшысының Өкімімен Нұрлан Жанайдарұлы Карбенов Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы қызметіне тағайындалды

*Үкімет отырысында ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев энергетика министрі Қанат Бозымбаевтан бензин бағасын төмендетуге қатысты уәде естімеген соң, монополияға қарсы қызметтегілерге бензин бағасымен шындап айналысуды тапсырды.

*ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі: «Ұлттық валютадағы депозиттердің көлемі 8 765,1 миллиард теңге (бір айда 3,4 пайызға қысқарды) болды, шетел валютасындағы депозиттер 8 886,2 миллиард теңгеге дейін 3,7 пайызға ұлғайды. Долларлану деңгейі тамызда 50,3 пайызға тең болды»,— деп хабарлайды.

*Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов: «Өңірлік бөліністе жылдың басынан бері облыстардың көбінде инфляция салыстырмалы түрде төмен деңгейде тіркелді. Сонымен қатар, 5 өңірде инфляция орташа республикалық деңгейден жоғары қалыптасты. Бұл – Атырау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан облыстары және Астана қаласы»,— деді.

*«Школа Инвестора» сайты жариялаған орташа жалақы рейтингісі бойынша, Қазақстан 157 елдің ішінде 86-ы орында (орташа жалақы — 480 доллар. Жалақысы ең көп ел — Швейцария (3855 доллар).  Одан кейін Норвегия мен Люксембург (тиісінше 3781 және 3565 доллар). Жалақысы ең төмен ел — Зимбабве (21 доллар). Бұл рейтингте Ресей 69-ы орында тұр (615 доллар).

*Ақпарат жəне коммуникациялар министрлігі БАҚ саласындағы Мемлекеттік саясат департаментінің директоры Елдос Нәшірəлі:  «Қазақстандық телеарналар хабар тарату жүйесiнiң 1 пайызын әлеуметтiк жарнамаға тегiн бөледi. Бұл күнiне 10 көрсетiлiм. Жарнаманың орташа ұзақтығы шамамен 45 секундты құрайды»,— деп хабарлайды.

*ҚР Статистика комитетінің мәліметіне орай, еңбекке жарамды қазақстандықтардың 25 пайызы (715,2 мың) 60 мың теңгеден төмен жалақы алады. Ал 50 пайызға жуығы 60 мың мен 150 мың аралығындағы табысқа ие. 16,2 пайызы 270 мың; 4,4 пайызы 390 мыңға дейін; тағы 4.4 пайызы 390 мыңнан жоғары жалақы алады. Қазақстандықтардың жалпы жалақы қорының көлемі 418,3 млрд теңге. Ал 2017 жылдың қаңтар айынан еліміздегі ең төмен жалақы 24,4 мың теңге деп белгіленген.

(7)