mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Жанармай зәрулігі артып барады

Елімізде жанармай-жағармай құю станцияларында АИ-92 маркалы бензиннің бағасы 147-150 теңге аралығында сатылуда. Ал ОКҚ-де өткен брифингте ҚР Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов: «Осы жылдың 9 айында 194 мың тонна бензинді артық өндірдік. Бірақ соған қарамастан осы уақыт ішінде бензинге сұраныс 154 мың тоннаға өсті. Жаз мезгілінде Ресей Федерациясында бензиннің бағасы 517 доллардан 555 долларға дейін қымбаттады. Бұл бізге сатылатын бензиннің бағасы. Ресейлік компаниялардан сатып алатын бензиннің бағасы доллармен бекітіледі. Теңгенің долларға шаққандағы бағасы 312-ден 340-қа дейін өсті. Яғни 16 пайызға көтерілді. Осының барлығы компаниялардың шығынын көбейтті. Қазіргі таңда бензинді Ресейден сатып алатын компаниялар жанар-жағармайды 151-155 теңгеден сатып отыр. Бұл баға орынды. Жалпы, жанар-жағармай бағасының өсуі екі факторға байланысты: оның біріншісі — РФ-дағы баға тенденциясы, екіншісі — доллар бағамы. Сондықтан, алдағы уақытта бензин бағасы Ресейде сатылатын жанар-жағармай құны мен доллар бағамына байланысты өзгеретін болады. Қазіргі бензиннің қоры 125 мың тонна. Ал қыркүйекте біз 90 мың тонна бензинді Ресейден әкелдік. Тамыз айында 330 мың тоннаға жуық бензин пайдаландық. Жалпы 9 айда елімізде 275 мың тонна жанар-жағармай пайдаланылды. Біз қазан айында бензинді пайдалану көлемі 27 мың тоннаны құрайды деп болжам жасап отырмыз. Оның ішінде отандық өндірістің үлесі 170 мың тонна. Бензин қоры азаймас үшін бізге 100 мың тонна жанар-жағармайды импорттау қажет. Осы бағыттағы жұмыстарды отандық импорттаушылармен және ресейлік компаниялармен бірігіп жүргізудеміз. Рас, қазан айында жағдай айтырлықтай қиын болады. Бұл айда  90 мыңнан 100 мың тоннаға дейін бензинді импорттауымыз керек. Кейін қараша айында отандық бензинді өндіру көлемі артады. Нәтижесінде импорттық бензиннің көлемі 30-40 мың тоннаға дейін төмендейді», — деп мәлімдеді. Жөақ, бірақ, өзімізде үш бірдей МӨЗ бола тұра, бензинге қатысты Ресейге тәуелділіктен құтыла алмауымыз елдігімізге, қала берді экономикалық әлеуетімізге сын демеске амал жоқ.

(7)