mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

10 жылдан кейін зейнетке 63-те шығамыз

Шымкентте арнайы мамандар «Зейнетақы төлеу тәртібі» тақырыбы бойынша жеке консультациялардан бөлек толық ақпарат алу үшін орыс және қазақ тілдерінде презентация жасады. Бұл тақырып зейнеткерлікке шыққан адамдармен қатар жастарды да қызықтыратыны анық. Осы орайда, тұрғындар зейнетақы қорында қанша ақша жиналғанын және оны қалай алуға болатыны жөнінде мағлұмат алды. БЖЗҚ филиалының директоры Рамазан Мұқанов жиналғандарға: «2018 жылдан бастап бізде әйелдердің зейнеткерлік жасын өзгерту туралы жаңа заң күшіне енеді, ол 2027 жылға дейін жарты жылға өсіп отырады. Нәтижесінде, 2027 жылы ерлер мен әйелдер 63 жаста зейнетке шығады. Ал қазіргі уақытта ең төменгі зейнетақы мөлшері өзгерген: жыл басында ол 28148 теңге болса, шілдеден бастап бұл сома 31.245 теңгеге дейін өсті. Ал өмір сүрудің іс жүзінде мүмкін еместігін көрсететін ең төменгі күнкөріс деңгейі 24 459 теңгені құрайды», — деген түсініктеме берді.

 

(27)