mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Газдың мың текше метрі — 200 еуро

Газдың мың текше метрі  — 200 еуро

ҚР Энергетика министрінің орынбасары министрінің орынбасары Мағзұм Мырзағалиев: «Әуе отыны тапшылығын жою үшін, министрлік Ресейден 8 мың тонна өнім алады. Осылайша, әуе отынын әупірімдеп жеткізе тұрамыз. Девальвациядан бері «Қазтрансгаз» көгілдір отын бағасын өсірмеген. Тіпті шығынмен жұмыс істейді. Енді еліміз газды Ресей арқылы Еуропаға экспорттайды. Өйткені ол Орынборда өңделеді. Одан әрі Германия мен Швейцарияға саудаланады. Еуропалық баға орта есеппен мың текше метріне 200 еуро. Бізде көтерме баға 16 мың теңге. Тарату, жеткізуді қосқанда, 22 мың теңгеге шығады»,— дейді. «Қазтрансгаз аймақ» АҚ бас директоры Манас Тасыбаев: «Газ ақысын төлемегендер жылусыз қалуы мүмкін»,— деп ескертті. Бұған дейін Үкімет отырысында Бозымбаев премьерден облыс басшыларын қарызды қайтаруға міндеттеуді сұраған. Жалпы қазір компанияға тұтынушылар 12 млрд теңге берешек. Оның ішінде Шымкент — 1,5 млрд,  Алматы — 473 млн, Ақтөбе — 365 млн теңге қарыз.

(2)