mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Бензин бағасы шарықтап кетті

Қазақстандық кейбір жанармай бекеттерінде АИ-92 маркалы бензин 150 теңгеге сатылып жатыр. Мәселен, Helios жанармай құю бекеттерінің желісінде АИ-92 маркалы бензиннің бір литрі 150 теңге тұрады. Ал АИ-95 маркалы бензин 164 теңге.  «Қазмұнайгаз өнімдері» ЖШС сайтының мәліметінше, АИ-92 147 теңгеден сатылып жатыр. АИ-95 маркалы берзин 160 теңге.  Royal Petrol жанармай құю бекеттерінде АИ-92 маркалы бензин бағасы — 148 теңге, ал АИ-95 — 161 теңге.  Sinooil жанармай құю бекеттерінде АИ-92 маркалы бензин бағасы — 146 теңге, ал АИ-95 — 161 теңге.  Осыған дейін, Қостанайда АИ-92 маркалы бензин бағасы 155 теңгеге дейін көтерілген.  Жергілікті авто жүргізушілер кемінде екі жанармай құю бекетінің желісінде бензин бағасы бірнеше теңгеге өскенін хабарлады. Жанармай құю бекеті қызметкерлерінің айтуынша, өзгерістер қыркүйектің 30-нан қазанның 1-не қараған түні өзгерген.

(8)