Қой мен сиырдың әңгімесі

Қой сиырға мұңын шағыпты.
— Адамдар неге тек сенің жағдайыңды жасай береді? Иә, сен май, құрт, ірімшік бересің. Бірақ менен олар көп алады ғой. Ет, май, шұжық, тіпті терімді алып киім тігеді.
Неге бұлай?
Сиыр сәл ойланып алып:
— Мүмкін мен адамдарға жақсылығымды тірі кезімде жасай алғандығымнан шығар…

(20)