Тіл мерекесінде журналистерді марапаттады

22 қыркүйек күні Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, Алматы қаласының әкімдігімен Тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен «Алатау» дәстүрлі өнер театрында «Ана тілім — ардағым» атты мерекелік іс-шара өтті. Алматы қаласы әр этностың өкілі шоғырланған және олармен біте қайнасып кеткен ортақ шаңырағымыз екені даусыз. Алайда Алматы қаласы әкімдігі мемлекеттік тілмен қоса барлық этностардың ана тілін дамытуын шет қалдырмай, салиқалы саясат жүргізіп келеді.
Іс-шарада Тілдерді дамыту басқармасының басшысы Мамай Қаниұлы барша қазақстандықтарды тіл мейрамымен құттықтай келе, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында БАҚ өкілдері арасында өткен «Баспасөздегі үздік журналист», «Үздік тележурналист», «Үздік радиожурналист», «Интернет-сайттағы үздік журналист» және «Көркемсөз оқу шеберлері», «Тіл шебері», «Ой-сана» номинациясы бойынша жүлделі орынды иеленген жеңімпаздарды марапаттады.

(6)